Әсеттің әдемі қырлары

Шалғайдағы Жарқайың ауданында ел ертеңінен үміт ететін жастар қаулап өсіп келеді. Соның бірі – Әсет Сұлтансейіт. Әсет жеті жасынан бастап қазақша күреспен айналысып, боз кілемде жеңістен жеңіске жетуде.

Алдымен қазақ күресі туралы бір ауыз сөз айта кетелік. Күрес тарихы тереңде жатыр. Алтайдан Атырауға дейінгі иен даланы жайлап, аттың жалында, түйенің қомында күн кешкен ата-бабамыз бас қосқан ас-тойларды күрессіз өткізген емес. Қарсыласынан күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандарды ежелден ерлік пен өрлікті құрмет тұтатын халық төбесіне көтерумен келеді. Қазақтың хас батыры Қажымұқан атамыздың есімі төл тарихымызға ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге, ол спортшылардың әлемдік элитасының қатарына қосылды. Қазақ күресі бойынша ең ірі жарыс 1938 жылы спартакиадада өткізілген екен. Сол күннен бастап тұрақты ұйымдастырылуда.

Біздің кейіпкеріміз Әсет балалықтың әсерімен өзге де спорт түрлерімен айналысты. Бірақ, олардың негізгі бағыты – қазақша күреске кері әсері тиген жоқ, қайта шарболаттай шыңдала түсті. Талай мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Кейін ауыр атлетикаға ауысты. 2023 жылы Жалғызқұдық ауылында өткізілген облыстық турнирде екі күміс жүлдеге ие болды. Осылайша алдынан даңғыл жол ашыла бастады. Астана және Тараз қаласында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатына қатысты, облыстық, аудандық жарыстарда да жүлдесіз қалған емес.

2024 жылы Әсет Қырғызстанда өткен әлем чемпионатында күміс және қола жүлдеге ие болды. 2025 жылы Өзбекстанда жұлдыздай жарқырап көрініп, әлем чемпионы атанды. Қасындағы жора-жолдастарына қол ұшын беріп, көмек көрсетеді. Негізінде, шын мықты мейлінше қарапайым болуы әрі адамгершілік қасиеттерге арқа сүйеуі керек. Әсет міне, нақ осындай жігіт.

–Менің табысыма жаттықтырушым Халибек Салтанаттың қосқан үлесі көп, – дейді спортшының өзі.

Боз баланың табысына жерлестері үнемі қуанып отырады. Өйткені, ауылдастарының  аты озғаны оларға да мерей.

Байқал Байәділов.

 Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар