«БЛЭК»-тің брендті өнімдері

Көкшетау қаласында орналасқан «БЛЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атақ-даңқы бүгінгі таңда облысымыздан тысқары жерлерге де кеңінен мәлім. Көп жылдардан бері қазақтың ұлттық бұйымдарын жасаумен айналысып келе жатқан серіктестіктің өнімдері Ақмола, Көкше өңірлерінің бренді ретінде тек өзіміздің елімізге ғана емес, көптеген шет елдерге де жол тартып жатады. Әсіресе, аймағымызға ат басын тіреген сыйлы қонақтарға тарту ретінде ұсынылатын халқымыздың домбыра, астау, тостаған сияқты музыкалық аспаптары мен қолөнер бұйымдары көздің жауын алады.

Бүгінгі нарық заманындағы еркін бәсекеде өз лайықты орнын тауып, қазақтың салт-дәстүрін қастер тұтумен бағы жанған кәсіпорын елордамыз Астанадан бастап, еліміздің бірнеше қаласында өз фирмалық дүкендерін ұстайды. Осы орайда, серіктестік саудасының жақсы жүргізілуінде мұндағы елгезек те ынталы сатушылардың бірі Рузида Қажнабиқызы Мұханғалиеваның да айтарлықтай үлесі бар. Ол әркез келушілерге жылы қабақ танытып, көңілі қалаған заттарын ұсынуда өзіне тән іскерлігімен көзге түсіп келеді.

Суретте: «БЛЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сатушысы Рузида Мұханғалиева.

Суретті түсірген Нұрболат Бектұрғанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар