«Қазпошта» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалы 2025 жылғы 3 қазанда 2026 жылға мерзімдік баспасөзге жазылу науқанының басталуына орай, «Баспасөзге жазылушы күнін» өткізеді.
Жылда өтіп жүрген дәстүрлі бұл іс-шара биыл да Абылай хан алаңындағы Қазпошта бас ғимаратында сағат 11.00-де басталады.
Баспасөзге жазылушылар күнінде газет-журналдарға жазылу ұйымдастырылып, белсенді оқырмандарымызға сыйлықтар ұсынылады. Сондай-ақ, үздік операторлар мен газет сұрыптаушылар және хат тасушылар марапатталады.
Келемін деушілерге есік ашық.
«Казпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы.
![]()

