Құрметті оқырмандар!

Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетіне 2026 жылға жазылу науқаны басталды.

Биыл редакция оқырмандарға газетті жаздырып алу жеңіл болуы үшін «Арқа ажарына» жеке жазылушылар мен кәсіпорын-ұйым, мекемелердің жазылу науқанын жергілікті байланыс бөлімшелеріне қоса, жеңілдетілген бағамен редакцияның өзінде де ұйымдастырғалы отыр. Тек мұндайда қойылатын шарт – аптасына үш рет шығатын газетімізді жазылушылар редакцияның өзіне келіп, алып тұрулары керек.

Жеке жазылушылар үшін осы мақсатқа белгіленген жазылу бағасы 6 айға – 4000 теңге, 12 айға – 8000 теңге.

Ведомстволық жазылу тек 12 айға ғана жүргізіледі. Бағасы – 7500 теңге.

Сондай-ақ, жеңілдетілген бағамен 12 айға толық жазылу  – 7100 теңге.

Сіздерді «Арқа ажарына» жазылу үшін Көкшетау қаласы, Қаныш Сәтбаев көшесі, 7 үй мекенжайы бойынша редакциямызда күтеміз.

Газетті жаздырып алу мәселелері бойынша туындаған сауалдарыңызды 8 (716 2) 25-15-60; 25-15-10 телефондары бойынша хабарласып, сұрастырып біліп алуларыңызға болады.

Күнбе-күн ана тілімізде Ақмола, Көкше өңірлерінің тыныс-тіршілігінен сыр шертіп, тың жаңалықтарға қанықтыратын және ұлттық, елдік мәселелерді үзбей жазып тұратын өздеріңіздің сүйікті «Арқа ажары» газетіне жазылуға асығыңыздар!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар