Жаңа маусым тың жаңалыққа толы болады

Өнер

9 қазан күні «Достар» мәдениет сарайында жаңа шығармашылық маусымның ашылу салтанаты өтті.

Бұл кеш өнерді қадірлейтін жандар үшін нағыз мерекеге айналды, себебі, сахнада осы сарайдың ең үздік шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, әрқайсысы көрермендер көңіліне қуаныш сыйлады.

Кеш барысында вокалдық және би ансамбльдері өз өнерімен тәнті етті. Бағдарламада жүректі тебірентетін қазақтың халық әндері де, заманауи әуендер де орындалды. Әсіресе, би нөмірлері ерекше әсер қалдырды. Ұлттық нақыштағы билерден бастап, хип-хоп стиліндегі заманауи билерге дейін сахна шырайын келтірді.

Көрермендер өз сүйікті әртістерін сағынып қалған екен. Өйткені, зал толы болды. Әр ұжымның сахнаға шығуын көпшілік зор қошеметпен, ұзақ қол шапалақпен қарсы алды. Әсіресе, жас өнерпаздар шынайы сезіммен өнер көрсетіп, жұрттың ыстық ықыласына бөленді.

Өнерпаздар тек өнер көрсетіп қана қоймай, көрерменмен жүректерінен шыққан сезімдерін бөлісті. Концерт әсерлі, мазмұнды және шабытқа толы өтті. Бұл кеш жаңа маусымның бастамасы ғана, алда әлі талай тың жобалар мен жарқын кездесулер күтіп тұр.

Серік СӘРКЕНҰЛЫ.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар