«Әжелер» тобы ән салғанда

Өнердегі өмір

Облыс орталығының іргесінде орналасқан Краснояр ауылының  «Көкше» мәдениет үйі жанындағы «Әжелер» фольклорлық тобы 19 жыл бойы көрермендерді өз өнерімен және жоғары орындау шеберлігімен қуантуда.

Ұжымның көркемдік жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Сәкен Кәрбаев өз кәсібилігімен, қазақ дәстүрлерін терең меңгеруімен және туған мәдениетке деген шексіз сүйіспеншілігімен топ мүшелерін киелі өнерге тек қана шабыттандырумен келеді.

Ұжым құрамы зейнеткерлерден тұрады. Олардың арасында кешегі мұғалімдер, есепшілер, медицина қызметкерлері, байланысшылар, мәдениет қызметкерлері сияқты әртүрлі мамандық иелері бар. Олардың бәрін әсем әнге, халық шығармашылығына және өз құштарлығына деген шынайы сүйіспеншілік, осыған жан-тәнімен берілу сияқты ортақ бір мұрат біріктіруде.

Топтың репертуары бай әрі алуан түрлі. Ондағы қазақ, орыс, украин және поляк әндерінің үш дауыста шырқалуы ән әуеніне ерекше тереңдік пен бояу беретіні бар. «Әжелер» тобы өз ауылында ғана емес, одан тыс жерлерде де өтетін мәдени шараларға тұрақты түрде қатысып келеді. Олардың өнері көрермендердің жүрегінен әрдайым жылы орын алып, көңілге жасы келген өнерпаздарға үнемі алғыс сезімін ұялатады.

2026 жылы бұл «Әжелер» фольклорлық тобына 20 жыл толмақшы. Бұл дегеніңіз осыншама уақыт бойы өнерге адалдық пен риясыз берілу көрінісі. Екі онжылдықта ұжым мүшелері нағыз дәстүрлі өнер сақтаушысына, ұрпақтар арасындағы алтын көпірге айналды. Олардың әні жай ғана сазды әуен емес, халықтың жаны, ауыздан-ауызға берілетін тарих, біздің көңіл-күйіміз, арман мұратымыз.

Мұндай «Әжелер» тобын сөз жоқ, мәдениет пен шығармашылыққа деген ортақ сүйіспеншіліктің, адамдарға қуаныш сыйлап, олардың рухани жағынан толысып, өсе түсулеріне өнермен, әнмен пайда келтірудің жарқын үлгісі дер едік.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар