Астықты терең өңдейтін  кәсіпорын салынады

Қытай сапары

Ақмола облысы делегациясының Қытай Халық Республикасына ресми сапарының екінші күні облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов Қытайдың ірі East Hope Group корпорациясының басшылығымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Тараптар Ақмола облысының Есіл ауданы, Красивое ауылында іске асырылатын астықты терең өңдеу жөніндегі агроөнеркәсіптік жобаны жүзеге асырудың егжей-тегжейін талқылады.

Жоба екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде 20 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту арқылы құрама жем өндіру және астық кептіру жабдықтарын шығару өндірісін ұйымдастыру жоспарлануда.

Екінші кезеңде жоба астықты терең өңдеудің толық цикліне дейін кеңейтіледі, оған амин қышқылдары мен басқа да жоғары технологиялық өнімдерді өндіру кіреді. Бұл кезеңдегі жалпы инвестиция көлемі 500 миллион АҚШ долларына жетпек. Кәсіпорынның жалпы қуаттылығы жылына 300 мың тонна бидай өңдеуді құрайды.

Жоба үшін жер телімі анықталған. Сонымен қатар, жоба қолданыстағы астық қабылдау кәсіпорнын (ХПП) жаңғыртуды және жаңа өндірістік нысандар салуды қамтиды.

Бұл жобаны іске асыру өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда маңызды рөл атқарып, Ақмола облысының экспорттық әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

East Hope Group – Қытайдың жетекші корпорацияларының бірі. Компания қазірдің өзінде Қазақстанда бірқатар жобаларды, соның ішінде алюминий өнеркәсібі саласындағы жобаларды, жүзеге асырып келеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар