Семинар
«Көкшетау Энерго» ЖШС-нің аудандық бөлімшелері басшыларының қатысуымен өткен шара барысында 9 айдағы жұмыстың қорытындылары шығарылып, алдағы уақыттағы басым бағыттар айқындалды. Семинарда компанияның бас директоры Досымхан Аралбаев сөз алды.
Ол әріптестеріне 2025 жылғы жөндеу науқанын сәтті өткізуіне қосқан үлестері үшін алғыс айтып, бірқатар жаңа тапсырмалар берді. Атап айтқанда, еңбекті қорғау, еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау, персоналды техникалық оқыту жұмыстарын күшейту қажеттігін айтып, ең алдымен, қызметкерлердің қауіпсіздік техникасын сақтауына баса назар аудару керек екеніне ерекше тоқталып өтті. Сондай-ақ, әріптестерін белгіленген барлық міндеттерге барынша жауапкершілікпен қарауға және 2026 жылғы жөндеу науқанына дайындықты осы бастан қолға алуға шақырды.
Семинар барысында көрсетілген қызметтер үшін дебиторлық берешекті өндіру, Инвестициялық бағдарлама жобаларының жекелеген тұстары, сондай-ақ, «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Бұл жоба энергетика саласының «екінші тынысы» болмақ және серіктестіктің әрбір бөлімшесінен зор күш-жігерді талап етеді.
Сондай-ақ, отырыс барысында жергілікті жерлердегі электр желілерінің жаңа басшылары таныстырылып, тікелей қосалқы станциялардың басында өткен іс-тәжірибелік жиында олардың қысқы жұмыс науқанына дайындық мәселелері пысықталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

