Бәрекелді!
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бангладештің астанасы Даккада өткен Азия чемпионатында тарихи жеңіске қол жеткізген садақшы Андрей Тютинді құттықтады, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
– Тамаша өнер көрсеткеніңіз үшін Сізді шын жүректен құттықтаймын! Сіздің шеберлігіңіз, мақсаттылығыңыз және спортқа деген адалдығыңыз акмолалық жас спортшылар үшін үлгі. Бұл жеңіс – өңіріміздің ғана емес, бүкіл елдің мерейі. Сіз ақмолалық спортшылардың әлемдегі ең мықтылардың қатарында екенін тағы бір дәлелдеп, жоғары техникалық дайындықпен қатар, рух күшін, төзімділікті және жеңіске деген жігеріңізді көрсеттіңіз. Сізге алдағы уақытта да толағай табыс, мықты денсаулық, өз күшіңізге деген сенім және жаңа жарқын жеңістер тілеймін. Әр бастамаңыз сәтті болсын! – деді өз құттықтауында өңір басшысы.
Айта кетейік, Қазақстанның садақшылары командалық есепте тұңғыш рет Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Даккада өткен ақтық сайыста олар Үндістан командасынан 240:228 есебімен басым түсті. Команда құрамында ақмолалық спортшы Андрей Тютин да өнер көрсетіп, табысқа жетті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

