Әлеуметтік қолдау
Тұрғын үйді мемлекеттік қолдау шаралары аясында Егіндікөл ауданында көпбалалы ана Махаббат Төлеубековаға салтанатты түрде үш бөлмелі пәтердің кілті тапсырылды.
Бес балалы отбасына жаңа пәтердің кілтін аудан әкімі Юрий Курушин табыстады. Ол әлеуметтік осал топтағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Айта кетейік, биыл ауданда екі пәтерлі сегіз үй және 16 пәтерлі тұрғын үй салынды.
Кілтпен бірге отбасына жиһаз сатып алуға сертификат та берілді. Махаббат Төлеубекова мемлекеттің өзіне көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Егіндікөл ауданы.
![]()

