Экология
Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында облыстық экология департаменті жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кездесуде қоршаған ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды пайдалануға және толықтыруға, сондай-ақ, жобаларға экологиялық сараптама жүргізуге байланысты өзекті мәселелер қаралды.
Сараптамалық кеңес мүшелерінің айтуынша, осындай отырыстар экологиялық саладағы сын-қатерлерге уақытылы ден қоюға мүмкіндік береді.
–Сараптамалық кеңес тек мәселелерді талқылап қана қоймай, оларды шешудің нақты жолдарын ұсынатын алаң. Біздің міндетіміз жобаларды объективті бағалауды қамтамасыз ету және заңнамаға сәйкес сауатты ұсынымдар әзірлеу болып табылады, – деп атап өтті Өңірлік палата директорының орынбасары Расул Сыздықов отырыс барысында.
Негізгі мәселелердің бірі жергілікті жерлерде, соның ішінде бірқатар аудандарда осы заманғы тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының болмауында жатыр. Кеңес мүшелері мұндай жағдайларды талқылау нақты іс-қимыл жоспарын жасауға, ал, кейбір жағдайларда экологиялық бұзушылықтар қаупін болдырмауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Целиноград ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа полигон салуға ерекше назар аударылуда. Бұл қалдықтар жиналып қана қоймай, сұрыптып, қайта өңделетін заманауи кешен болады.
–Осындай нысанды құру аймақ үшін маңызды қадам болып табылады. Оның іскен қосылуымен қоршаған ортаға жүктеме айтарлықтай азаяды, қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін инфрақұрылым пайда болады. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындары ашылады, – деді бұл орайда, Өңірлік палата директорының орынбасары.
Жаңа полигон қауіпті емес қалдықтарды өңдеуге, оларды кәдеге жаратуға және көмуге арналған арнайы техникамен, тиісті жабдықтармен және инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілетін болады. Жоба экологиялық қауіпсіздікті арттыруға және аудан тұрғындарының осы полигондарға деген қажеттігін қанағаттандыруға бағытталып отыр. Барлық жерде де бүгінгі күннің «бас ауруы» керек болып отырған осындай полигондар.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

