23 миллион теңге алимент өндірілді

Степногорск қаласының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау  және әлеуметтік саладағы заңдылықты сақтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Алимент төлеуден қасақана жалтарған екі борышкер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылып, оларға 300 сағаттық қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, жеті борышкер ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша 2 тәуліктен 5 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алынды.

Сөйтіп, ағымдағы жылы қадағалау шараларының нәтижесінде кәмелетке толмаған балалардың пайдасына 23 миллион теңгеден астам мөлшерде алимент өндірілді.

Прокуратура екі жеке сот орындаушыларының қызметінде табыстарын төмендетіп көрсету арқылы салық төлеуден жалтарған заң бұзушылықтарды да анықтады. Қадағалау актісінің нәтижесінде олардан бюджетке 855 мың теңге өндірілді. Қолданыстағы заңнаманы бұзғаны және жұмыстағы олқылықтары үшін алты сот орындаушыға тәртіптік жаза қолданылды.

Прокуратура қабылдаған бұл шаралар азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге, сот актілерінің орындалу тиімділігін арттыруға және сот орындаушылары қызметіндегі заңдылықты нығайтуға мүмкіндік берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар