Алдын алу жұмыстарды жүргізілді

Щучинск орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінде жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кездесу өтті.

Кездесуді «Заң мен тәртіп» жобасын іске асыру шеңберінде Бурабай ауданының прокуратурасы полиция қызметкерлерімен бірлесіп өткізді.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауаптылығы, нашақорлық пен психобелсенді заттардың таралуының, отбасылық зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу, жол қауіпсіздігі және тұрмыстық қауіпсіздік, сондай-ақ, жастардың құқықтарын қорғау мен қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі мәселелері талқыланды.

Іс-шара ашық әрі профилактикалық сипатта өтіп, студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және өз әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталды.

Ақмола облыстық прокуратурасы мен Ақмола облыстық сотының материалдары бойынша дайындалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар