Жат әрекеттерден аулақ болғанымыз жөн

Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы Көкшетау «Арна»  жоғары колледжінің студенттерімен «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өткізді.

Жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында ұйымдастырылған шараға колледж директоры Диана Жақыпова, Ақмола облысы полиция департаменті есірткіге қарсы басқармасының жедел аға өкілі, полиция подполковнигі Рәзия Құрсанова, жедел уәкілі, полиция майоры Бекзат Назарова, Көкшетау қалалық полиция басқармасының қызметкері, полиция лейтенанты Ескендір Нысанбай және аталмыш оқу орнының студенттері қатысты.

Шара барысында баяндамалар оқылып, киберқауіпсіздік тақырыбына арналған бейнебаян көрсетіліп, кейін ол студенттермен сұрақ-жауап түріне ойысты.

– Құрметті қатысушылар! 16 қырқүйектен бастап қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнамаға енгізілген өзгерістер заңды күшіне енді. Заң 10 Заңға және 5 Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Осылайша, Қылмыстық кодекске 232-1 бап енгізілді, онда банктік шотқа, төлем құралына қолжетімділікті заңсыз ұсыну, беру және иемдену, сондай-ақ, төлемдер мен ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру үшін жауапкершілік көзделген. Осы бап ондай жағдайларда айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстар түріндегі жазалауды, сондай-ақ, бостандықтан айыруды көздейді. Сондықтан, сақ болыңыздар және өздеріңіздің банктік шоттарыңыздың деректерін, сондай-ақ, төлем құралдарын ешкімге бермеңіздер, – деп ескертті өз сөзінде полиция майоры Бекзат Назарова.

Кездесу соңында жастар сұрақтарын қойып, сапалы жауаптар алды.

Жеңіс БАЛАБЕКОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар