Ақмола облысында «ГАЗБАЛЛОН» профилактикалық акциясы өткізілуде

САҚТАНСАҢ – САҚТАР!

1-5 желтоқсан аралығында Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп «ГАЗБАЛЛОН» республикалық акциясын өткізіп жатыр. Акцияның басты мақсаты – газбаллон жабдығын пайдалану кезіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және апатты жағдайлардың жолын кесу.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, соның ішінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының 1074-тармағына ерекше назар аударылады. Аталған тармаққа сәйкес газбаллон жабдығы орнатылған автокөліктерді:

  • қоса салынған немесе жапсарлас өзге мақсаттағы үй-жайларда;
  • жабық түрдегі паркингтер мен автотұрақтарда;
  • жер деңгейінен төмен орналасқан үй-жайларда және тұрақтардаорналастыруға қатаң тыйым салынады.

Осы талаптардың бұзылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді. Сондықтан, акция кезеңінде нормалардың сақталуына бақылау күшейтіледі.

«ГАЗБАЛЛОН» акциясы аясында жоспарланған іс-шаралар:

  • Паркингтер мен жолдарда рейдтік тексерістер жүргізу, ГБО-мен жабдықталған автокөліктерді заңсыз орналастыру фактілерін анықтау және жолын кесу.
  • Ұйымдармен және көпқабатты үйлердің тұрғындарымен жабық жерасты паркингтеріне мұндай автокөліктердің кіруіне жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
  • Тұрмыстық газ баллондарын толтыруға жол бермеу мақсатында газ құю станцияларында профилактикалық шаралар ұйымдастыру.
  • ГБО-ны пайдалану кезіндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы кең көлемді ақпараттық науқан жүргізу.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар