Алқабилер айыпталушыны кінәлі деп тапты

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әріптесін өлтірген У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігіне жатқызылған бұл қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралып, У. кінәлі деп танылды.

Қайғылы оқиға былай өрбіген. 2025 жылдың мамыр айында 22 жастағы У. мен оның әріптесі К. жұмыстан кейін У.-дың автокөлігімен үйлеріне қайтқан. Жолда екеуінің арасында жанжал туындап, олар гараждардың жанына тоқтап, өзара қарым-қатынастарын анықтамақ болған.

Өзара келіспеушілік барысында К. жерде жатқан әлдебір пышақты алып, оны У-ға сермей бастаған. У. онымен алысып, қолын мойнынан орап, қылқындырған, солай пышақты тартып алып, онымен бірнеше рет соққы жасаған.

Одан кейін У. мәйітті орманға апарып, топырақпен көміп тастаған, ал, көлік жуатын жерде автокөлігіндегі қан іздерін жуып кетірген. Дегенмен, бір аптадан соң У. өз еркімен полицияға келіп, жасаған қылмысын мойындап, мәйіттің қайда жасырылғанын көрсеткен.

Оның кінәсі қолымен істегенді өз еркімен мойындауымен, оқиға орнын және мәйітті тексеру нәтижелерімен, сараптама қорытындыларымен, У.-дың ұялы телефонындағы жазбалармен, көлік жуу орнындағы бейнебақылау жазбалары және қозғалған істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Жаза тағайындауда сот айыпталушының өз еркімен келіп, кінәсін мойындауын жазаны жеңілдететін жағдай ретінде қарастырды.

Сот үкімімен У.-ға 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ, айыпталушыдан К.-нің әкесі мен кәмелетке толмаған балаларының пайдасына әрқайсысына 7 миллион теңгеден моральдық зиян, 1,5 миллион теңге материалдық шығын өндіріліп алынды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар