Қайта құру жұмыстары басталды

ДАМУ БАҒЫТЫ

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласындағы «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамында болып, ірі өндіріс орнының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.

1991 жылы негізі қаланған зауыт – өңірдегі жетекші кәсіпорындардың бірі. Компания минералды су, газдалған және газдалмаған сусындар, сондай-ақ, алкоголь өнімдерін өндіреді.

«Көкшетау минералды сулары» АҚ-ның директоры Досымжан Кенжешов компанияның бүгінгі таңда өндірістік қуаттарды қайта жаңғырту және кеңейту бойынша ауқымды жобаны бастап кеткенін атап өтті.

– Қазір қолға алынып жатқан қосымша цехтың салынуы өндіріс ауқымын бір жарым есе арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жобаға купаждау цехы мен қойманы қайта құру жұмыстары кіреді, – деді ол.

Кәсіпорында таяу арада алкоголь өнімдері бойынша қуаттылықты жылына 3 000 миллион дал деңгейіне жеткізу, сондай-ақ, сыйымдылық паркінің көлемін 90 мың далға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Қазіргі уақытта осы мақсатта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталмыш жобаны іске асыру өңірдің дамуына елеулі үлес болып қосылмақшы. Себебі, осының есебінен жаңа жұмыс орындары ашылып, өндіріс көлемі айтарлықтай ұлғайтылмақшы.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар