Пікірсайыс арқауы – елдік істер мен құндылықтар

Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына орай,  «Достық» үйінде облыс жастары арасында «Бірлік пен жауапкершілік – Жаңа Қазақстанның іргетасы» атты облыстық пікірсайыс турнирі болып өтті.

Мерекелі жылдың құрметіне ұйымдастырылған пікірсайыс турнирі аймақ жастарының арасында пікір алмасу, ой бөлісу және қоғамдық мәселелерге қатысты көзқарас қалыптастыру алаңына айналды.

Турнирдің басты мақсаты жастарды еліміздің құндылықтарына бейімдеу, азаматтық жауапкершілікті арттыру, қоғамдағы бірлік идеясын дәріптеу және интеллектуалды мәдениетті дамыту болып табылады. Іс-шараға мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары мен өңірдегі түрлі пікірсайыс клубтарының белсенді жастары қатысып, өз білімін, логикалық ойлау қабілетін, шешендік өнерін және талдау дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білді.

Пікірсайыс барысында қатысушы фракциялар түрлі өзекті мәселелерді талқыға салып, дәлелді ойы мен дәйекті позициясының арқасында көрерменге де, қазылар алқасына да әсерлі ой тастады. Турнир қорытындысы бойынша өз ойларын анық жеткізіп, теңдей бәсекелестік ортасында жоғары нәтижеге қол жеткізе алғандары үшін «Алаш» фракциясы үшінші орыннан көрінді. Турнир барысындағы терең талдау, сенімді аргументтер мен үйлесімді командалық жұмыс арқылы «Өркениеттер өрісі» фракциясы екінші орынға лайықты деп танылды. Турнирде шешендік шеберліктің, жылдам және стратегиялық ойлаудың жоғары деңгейін көрсеткені үшін «Speak Easy» фракциясы бірінші орынды жеңіп алды.

Пікірсайыс турнирі қатысушылардың азаматтық белсенділігін арттырып қана қоймай, оларды қоғамдағы бірлік пен жауапкершілікті терең түсінуге ықпал етті. Мұндай зияткерлік алаңдар еліміздің болашағы саналатын жастардың ой-өрісін кеңейтуге, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және ортақ құндылықтар төңірегінде бірігуге зор мүмкіндік береді деп сенеміз.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар