Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ақмолалық боксшыларды әлем чемпионатындағы жоғары жетістіктерімен құттықтады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткен спортшылар Теміртас Жүсіпов пен Оразбек Асылқұловты құттықтады. Спортшылар Дубай қаласында (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) аясында өтіп жатқан жарыста ұлттық құраманың сапында ел намысын қорғады.

Жартылай финалдық жекпе-жектің қорытындысы бойынша Теміртас Жүсіпов 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алып, жоғары шеберлігін, жеңіске деген жігерін және нағыз жауынгерлік мінезін көрсетті.

Облыс әкімі 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық жекпе-жекте сенімді жеңіске жетіп, спорттық мансабында алғаш рет әлем чемпионы атанған Оразбек Асылқұлов екеуіне ерекше құттықтауын жеткізді.

«Сіздердің жетістіктеріңіз – тек Ақмола облысы үшін ғана емес, бүкіл ел үшін зор мақтаныш. Сіздер Қазақстанның намысын әлемдік аренада абыроймен қорғап, рухтың күшін, кәсібилік пен спортқа деген адалдықты көрсеттіңіздер. Жеңістеріңіз жас спортшыларды жаңа белестерге ұмтылуға шабыттандыратынына сенімдімін», – деді Марат Ахметжанов.

Өңір басшысы спортшыларға зор денсаулық, алдағы уақытта да толағай табыстар мен спорттық мансапта сәттілік тілеп, чемпиондарды дайындауға қосқан үлесі үшін жаттықтырушылар құрамына алғыс білдірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар