ЖОЛДАУҒА – ҚОЛДАУ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арнаған биылғы Жолдауында Қоғамдық кеңестерді билік органдары мен қоғам арасын байланыстыратын жанды көпір деп атады. Қазір осыны өз басым жан-жүрегіммен терең сезіне түскен жайым бар.
Өйткені, осы жылдың наурыз айында маған Ақмола облыстық Қоғамдық кеңесінің IV шақырылымының төрағасы болу сенімі жүктелді. Бұл жай ғана жаңа құрам емес — бұл жаңа міндеттер мен жауапкершілік артқан қоғамның белсенді өкілдерінің ортасы.
Соңғы жылдары қоғамның үміттері, азаматтық сананың деңгейі және ең бастысы мемлекеттік шешімдерге азаматтық қатысудың шынайы мүмкіндіктеріне деген сенім түбегейлі өзгерді.
Бүгін Қоғамдық кеңестер – бұл қоғамдық шешімдердің заңдастырылуына тікелей ықпал ететін субъектілер. Олар халықтың атынан айтуға міндетті, әрі халықты тыңдайды, көреді, әрекет етеді.
Біз өз жұмысымызды 2025 жылға арналған Іс-шаралар жоспарын бекітуден бастадық. Ол 44 тармақтан тұрады. Соның ішінде ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу, туризм, денсаулық сақтау, өнеркәсіп салаларындағы мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігіне қоғамдық аудит жүргізу, инфрақұрылымдық және экологиялық сын-қатерлер мен өнеркәсіп кәсіпорындарының әлеуметтік жауапкершілігі, цифрлық әділеттілік – коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай абоненттік база құру, әсіресе, цифрландыру кезеңінен адамға бағытталған трансформация кезеңіне өту контексінде.
Осы сегіз айдың ішінде біз 74 іс-шара өткіздік. Бұл жай отырыстар емес, бұл билік пен қоғамның тоғысқан түрлі өзекті мәселелері қаралған алаң болды. Бұл жиындар барысында нормативтік-құқықтық актілерді талқыладық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы тәуекелдердің алдын алу жағдайларын қарастырдық.
«Көкшетау Су Арнасы» қызметкерлерінің экономикалық және әлеуметтік-еңбек құқықтарының жағдайын сұрастырып, анықтадық. Сондай-ақ, әлеуметтік саланың, оның ішінде сумен қамтамасыз ету және жоспарланған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру процестерінің проблемалық мәселелері бойынша Атбасар, Жарқайың, Жақсы және Есіл аудандарының жергілікті атқарушы органдары, депутаттар және Қоғамдық кеңестерінің қатысуымен аумақтық отырыстар өткіздік. Бұған қоса, 19 көшпелі мониторинг жүргізілді. Мәселен, «Көкшетау Жылу» мекемесінде күл үйіндісі, Атбасар қаласының төрт нысаны, туризмді дамыту саласында Бурабай және Зеренді аудандары және тағы басқалар бойынша тексерулер жүргіздік.
Мониторинг қорытындысы бойынша әкімдікке, мәслихатқа жеті мәселелік кейс ұсынымдар жолданды, біз олардың нақты қаралуына және қолдау табуына сенім артамыз.
Біз Қоғамдық кеңестердің рөліне арналған бес форумға, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетімен бірлескен үш конференцияға, сондай-ақ, Астана қаласында өткен бес офлайн семинарға қатыстық.
Сонымен қатар, осы жылдың сегіз айында Ақмола облысының Қоғамдық кеңесі азаматтар мен заңды тұлғалардың он бір өтінішін қарады, оның үшеуіне түсініктеме беріліп, сегіз шағым бойынша олардың талаптарын қанағаттандыру туралы шешім қабылданды. Бұл – нақты қадамдар. Міне, біз мұны жергілікті мәселелерден – жергілікті өзгерістерге деп атаймыз.
Бүгінде облыс әкімінің қолдауы мен басқаруының арқасында Ақмола облысы мен Көкшетау қаласы жайлы және қауіпсіз өмір сүру аумағына айналды. Дәл осындай кездесулер азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты одан әрі құруға серпін береді.
Қоғамдық кенес құрамында түрлі салалардың өкілдері бар. Олар қоғамдық белсенділер, креативті жастар, мәслихат депутаттары және жергілікті халық арасында құрметке ие, өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысатын үкіметтік емес ұйымдардың жарқын өкілдері, өз ұстанымын еркін білдіретін азаматтық қоғам өкілдері.
Жалпы, жаңадан сайланған Қоғам кеңесінің құрамына бірқатар жылдар бойы облыс аумағында кәсіби және қоғамдық жұмыстарды атқарып жүрген танымал азаматтар енді. Атап айтқанда, Ермек Нұғыман, Серік Кәкенов, Берген Беспалинов, Нұрлан Жаров, Сәуле Құсайынова, Владислав Шуль, Болат Жұпынов, Әлия Ахетова, Игорь Плюснин және облыстың басқа да құрметті азаматтары бар.
Мемлекет азаматтық қоғамсыз жұмыс істей алады, бірақ, бұл жерде даму емес, тек қызмет ету ғана болады. Ал, мемлекетсіз азаматтық қоғам өз мақсатын жүзеге асыра алмайды. Сондықтан, мемлекет пен азамататтық қоғам арасындағы серіктестік тек қажеттілік емес, бұл тұрақты және әділ болашаққа бастайтын жалғыз жол.
Біз Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық жоспарын іске асыруға белсене қатыстық. Ұлы ойшыл, өз мұрасымен қоғам алдындағы жауапкершілікті, әділдікті және үнемі білімге ұмтылуды үйреткен Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына да кірдік.
Ақмола облысының қоғамдық кеңесі автономды түрде дербес жұмыс істейді. Бірақ, қоғам мен мемлекеттік органдардан байланысын үзбейді. Біз өз ұсыныстарымызды ұсынып, үйлестіреміз, бақылаймыз, талқылаймыз – мұның бәрі біздің облыстың басымдықтары мен оның тұрғындарының нақты қажеттіліктеріне негізделген. Біз мемлекеттік органдармен және қоғамдық құрылымдармен де ынтымақтастыққа ашықпыз.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мемлекеттік билік органдары мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мақсатында Ақмола облысы әкімдігінің отырыстарына және Ақмола облыстық мәслихатының сессияларына Қоғамдық кеңестің өкілін қосу туралы ұсынысты жеткізгім келеді.
Біздің осындай іс-шараларға қатысуымыз Қоғамдық кеңестің отырыстарында қаралған қоғамдық пікірді неғұрлым толық көрсетуге және бірлескен, салмақты шешімдерді уақтылы әзірлеуге, ең бастысы, ақмолалықтардың игілігі үшін сіздермен біздің қызметіміздің нәтижелеріне ықпал етеді. Біз бақылаушы емеспіз. Біз — қоғам мен мемлекеттің арасындағы диалогтың белсенді қатысушысымыз. Бізді жай ғана тыңдау жеткіліксіз, бізді есту маңызды.
Қоғамдық кеңес — бұл өңірдің ұжымдық ақыл-ойы. Сондықтан, біз билік, бизнес және азаматтық қоғам біріге отырып Ақмола облысында әділетті, қуатты және ынтымақты қоғам құра алатынына сенеміз.
Қабдуәли ҚҰЛЫШЕВ,
Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
![]()

