«Қоғамдық келісім» мекемесінде «Тәуелсіз Қазақстан: Бірлік. Бейбітшілік. Жасампаздық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мекеме басшысы Қуаныш Шақшақовтың төрағалығымен өткен іс-шараға қоғам қайраткерлері, ғылыми орта және зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, депутаттар, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараның басты мақсаты – егемен еліміздің қалыптасу жолын саралау, қоғамдық келісім мен этносаралық бірліктің маңызын айқындау, бейбітшілік пен жасампаздық құндылықтарын насихаттау болды.
Жиын барысында тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Аманбай Сейітқасымов еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы тарихи даму кезеңдерін жан-жақты баяндап берді.
Облыстық мәслихаттың «Бірлік» депутаттық тобының мүшесі Анар Аяпбергенова өз сөзінде қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуда мемлекеттік саясаттың алатын орнына ерекше назар аударды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

