Таза ауыз суға қолдары жетті

Шойындыкөл ауылында жерасты су көздерінен сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Су тазарту станциясы пайдалануға беріліп, нәтижесінде ауыл тұрғындары соңғы 30 жыл ішінде алғаш рет сапалы ауыз суға қол жеткізді.

Бұған дейін ауыл халқы ауыз суды ауылдан 5 шақырым қашықтықта орналасқан бұлақтан тасып пайдалануға мәжбүр болған. Бүгінде бұл мәселе түбегейлі шешімін тапты.

Ауылда 60 үй бар, жалпы халық саны 190 адамнан асады. Жоба аясында санитарлық талаптарға толық сәйкес келетін заманауи су жүйесі салынды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2023 жылға дейін «Монолит» ЖШС жүргізсе, жобаны «Логотек KZ» ЖШС аяқтады. Нәтижесінде сумен жабдықтау жүйесінің толық кешені іске қосылды.

Шойындыкөл ауылының әкімі Нұрхан Бердіғали аталған жобаның маңыздылығына тоқталып:
–Басым міндеттердің бірі шешімін тапты. Ауыл тұрғындары көптен күткен таза ауыз суды пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Бұл – халықтың өмір сүру сапасын арттырып, ауылдың одан әрі дамуына серпін беретін маңызды қадам, – дейді.

Айта кетейік, жоба «Сапалы су» бағдарламасы аясында, сондай-ақ, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған AMANAT партиясының 2023–2025 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар