«Сепе-2012» ЖШС-нің «Кең Дала-2» бағдарламасы бойынша несие желісін ашу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на өтініш беру қажеттілігіне байланысты, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы мен 46-бабын басшылыққа ала отырып, «Сепе-1» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы 2026 жылдың 16 ақпанында сағат 10.00-де Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Сепе ауылы, Орталық көшесі, № 9 үй мекен-жайында келесі күн тәртібімен өтетінін хабарлаймыз:
1.«Сепе-2012» ЖШС-нің «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша 5 пайыздық мөлшерлемемен несие желісін алуға өтініші бойынша.
- Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін оның ажырамас бөлігі болып табылатын №1 қосымшаға сәйкес «Сепе-2012» ЖШС мүлкін кепілге қою туралы:
1) «Сепе-2012» ЖШС-нің жылжымайтын мүлкі:
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері.
2) «Дәулет» шаруа қожалығының жылжымалы мүлкі:
«Buller Versatile» дөңгелекті тракторлары, 2 бірлік көлемінде.
- «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен несие желісін ашу туралы келісім бойынша «Сепе-2012» ЖШС-нің «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін «Сепе-1» ЖШС-нің толық қайтарылмайтын бірлескен кепілдігін беру қажеттілігі туралы, КДжЕЖЖ бағдарламасы бойынша 5 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен.
- «Сепе-1» ЖШС директоры Ғалымхан Банияшимұлы Сахановқа «Сепe-1» ЖШС мен «Сепе-2012» ЖШС-нің «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ алдындағы міндеттемелерін, оларға қосымша келісімдерді және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен несие желісін ашу үшін қажетті басқа да құжаттарды және «Сепе-2012» ЖШС-нің микронесиелік келісімдері мен жеке несиелік келісімдерін орындауды қамтамасыз ету үшін кепілдік шартына қол қоюға өкілеттік беру туралы.
- «Сепе-2012» ЖШС «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ алдындағы міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда, кепіл ретінде берілген мүлікті оны қайтарып алу құқығымен соттан тыс және сот тәртібімен сатуға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға келісім беру туралы.
- «Сепе-2012» ЖШС директоры Абай Жүзбайұлы Саберлиновке «Сепе-2012» ЖШС-нің «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамындағы мүдделерін білдіру және Ашық несие желісі туралы келісімге және микронесиелік келісімдерге, жеке несиелік келісімдерге, олардан туындайтын өзгерістер мен толықтыруларға қол қою, сондай-ақ, жобаны іске асыруға қатысты басқа келісімдерге, келісім-шарттарға, өзгерістер мен толықтыруларға, сондай-ақ, кепіл шарттарына, оларға қосымша келісімдерге және басқа да құжаттарға қол қою өкілеттігін беру туралы.
«Сепе-1» ЖШС-нің директоры Ғ.Б.САХАНОВ.
![]()

