Оқырмандар назарына!

Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің редакциясы 2026 жылы басылымымыздың шығу ретінде өзгерістер орын алып, биылдай газет аптасына екі рет шығып жатқанын естеріңізге салады.

Сонымен бірге, биылғы жылғы тағы бір өзгеріс, газеттің апталық екінші саны 2026 жылғы 23 қаңтардан бастап, тиісті орындармен келісім бойынша бұрынғы үйреншікті сенбі күнінің орнына жұма күні шығатын болып отыр.

Бұл газеттің бұрынғы сенбілік санының демалыс күндеріне сәйкес келіп, әсіресе, шалғай аудандардағы оқырмандарымызға кештеу жетуіне байланысты «Қазпошта» мекемесімен ортақ мәмілеге келіп, басылымның тасымалдануын жеделдету мақсатында қабылданған оң шара.

Осыған байланысты бұл ниетіміз өздеріңіздің тарапыңыздан қолдау тауып, ана тілімізде Ақмола, Көкше өңірлерінің тыныс-тіршілігін, тың жаңалықтарын күнбе-күн оқырманға үзбей жеткізіп тұратын «Арқа ажары» газеті алдағы уақытта да айнымас серіктеріңіз болып қала береді ғой деген сенімдеміз.

Бүгінгі таңда газетке 2026 жылға жазылу одан әрі де жалғасуда. Егер әр айдың 25-іне дейін кез-келген байланыс бөлімшесінде «Арқа ажарына» жазылсаңыз, оны келер айдың басынан бастап үйіңізге, кәсіпорын-ұйым, мекемеңізге үзбей алып тұруыңызға болады. Газетімізге сондай-ақ, уақытыңызды үнемдеп, «KASPI QR» қосымшасы арқылы да жазылуға болатындығын естеріңізге саламыз.

«Арқа ажары» газетінің редакциясы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар