Құрметті журналистер, редакторлар және мерзімдік басылымдардың қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мереке – Ұлттық басылым күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл мереке мемлекеттің ілгерілеуі мен мемлекеттіліктің нығаюына қажырлы еңбектерімен үлес қосып жүрген мерзімдік басылымдар қызметкерлеріне деген терең құрметтің символы екенін әділ атап өткен болатын. Отандық баспасөз әрқашан халықтың үні, рухани құндылықтар мен қоғамдық сананың сенімді тірегі болып қала береді. Біз оның бай тарихы мен ағартушылық дәстүрлерін мақтан тұтамыз.
Мерзімдік басылымдар қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Сіздер ондаған жылдар бойы журналистиканың басты принциптерін – шындыққа, объективтілікке және шынайылыққа ұмтылуды сақтап келесіздер. Озық дәстүрлерді заманауи технологиялармен шебер ұштастыра отырып, уақыт талабына сай сенімді дамып келе жатсыздар. Қазіргі замандағы электронды БАҚ-тың қарқынды дамуына қарамастан, газет-журналдар әрқашан өз оқырмандарын табатынына сенімдімін.
Бүгінгі таңда мерзімдік басылымдар журналистерінің еңбегі ерекше мәнге ие. Сіздер өңірдегі және елдегі оқиғаларды кәсіби әрі жауапкершілікпен жариялап, адамдарға үнемі өзгеріп отыратын ақпараттық кеңістікте бағыт-бағдар алуға көмектесесіздер.
Сіздердің белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз, принципшілдіктеріңіз, әділдікке ұмтылыстарыңыз бен халық мүддесіне адалдықтарыңыз ерекше құрметке лайық.
Құрметті мерзімдік басылымдар қызметкерлері, Ақмола журналистикасының ардагерлері!
Сіздерге жарқын жобалар, шығармашылық шабыт, жаңа кәсіби жетістіктер және оқырмандар тарапының мол ризашылығын тілейм
***
Құрметті баспасөз қызметкерлері!
Елімізде үшінші жыл қатарынан 2 ақпанда Ұлттық басылым күні аталып өтіледі. Бұл күн баспасөздің қадір-қасиетіне көрсетілген құрмет белгісі ретінде журналистиканың қоғамдық сананы қалыптастырудағы және демократиялық құндылықтарды нығайтудағы ерекше миссиясын айқындайды.
Тарихи маңызы зор бұл мереке ұлттық баспасөздің дамуына негіз болған «Қазақ» газетінің алғашқы санының жарық көруіне орай 2023 жылы бекітілген болатын. 1913 жылы қазақ даласына жол тартқан бұл тұңғыш басылым елге алғашқы сөз еркіндігінің нұрын себездеп, халықты кемел болашаққа жетелегені сарғайған газет тігінділерінен анық байқалады.
Бұл күнде осы бір сабақтастықтың арқасында тәуелсіз еліміздің мерзімдік басылымдары жаңа Қазақстанның құрылып, күш-қуаты артуында барған сайын маңызды рөл атқарып келеді. Бүгінде олар мемлекет пен қоғам арасындағы сенім мен бірліктің берік көпіріне айналып, еліміздің ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты жазып көрсете білуде.
Өткеннен тағылым ала отырып, қазіргідей цифрлық дәуір жағдайында отандық журналистиканың бай дәстүріне адал болу одан әрі де өте маңызды. Осы орайда, барша мерзімдік басылым өкілдеріне зор денсаулық, шығармашылық шабыт тілеп, қиын да жауапты кәсіби қызметтеріңізде жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектестігімді білдіремін!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.
сурет kargali.kz сайтынан
![]()

