Көктемгі су тасқынына дайындық мәселелері талқыланды

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдерімен облыстағы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелерін талқылауға арналған кездесу өткізді.

Кездесу барысында атап айтқанда, Жабай және Шағалалы өзендерінің арналарын тазалау және тереңдету бойынша атқарылған жұмыстар, сондай-ақ, Атбасар, Жақсы, Шортанды, Ақкөл және Бұланды аудандарында жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралар сөз болды.

Өңірде 494 көл мен 111 өзен бар. Бүгінгі күні жалпы ұзындығы 55 шақырым болатын Қалқұтан, Нұра, Есіл, Шағалалы және Жабай өзендерінің арналарын тазалау және тереңдету жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар, Бұланды, Атбасар, Бурабай, Біржан сал, Ақкөл, Жақсы, Аршалы, Зеренді және Шортанды аудандарында 17 гидротехникалық құрылысты нығайту және қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды.

Жалпы алғанда, Ақмола облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар 163 елді мекенді қамтыды.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар