Үш ауданда тұрғындар 31 жаңа пәтердің кілтін алды

ƏЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев Зеренді және Сандықтау аудандарында болып, жетім балаларға, толық емес және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 20 пәтердің кілтін табыс етті. Ал, Бурабай ауданында тағы 11 отбасына пәтер кілттерін облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сөйтіп, өңірде 31 отбасы жаңа қоныс тойын тойлайтын болды.

– Пәтер кілттерін тапсыру осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нәтижесі. Президенттің тапсырмалары әлеуметтік саясаттың нақты басымдықтарын айқындайды. Бұл – мемлекет тарапынан ерекше қолдауды қажет ететін азаматтарға тиісінше қамқорлық көрсету. Соңғы екі жылда СУСН санатындағы 5 мыңнан астам ақмолалық отбасы баспанамен қамтылды. Бүгінгі іс-шара да Мемлекет басшысының қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған саясатының нақты көрінісі, – деді Досұлан Айтбаев салтанатты шара барысында.

Жаңа үйлер тұрғын үйдің сапасы мен жайлылығына қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып салынған. Пәтерлер кең әрі жарық, терезелерінің үлкен болуымен және тұрғын аймақтардың ыңғайлы жоспарлануымен ерекшеленеді.

Бурабай ауданының орталығы Щучинск қаласында қоныстанушылар «Атамекен» тұрғын үй кешенінен таза әрлеумен берілген пәтерлерге ие болды, ал, Бурабай кентінде пәтерлер әлеуметтік нысандарға қолжетімді жерде орналасқан «Табиғат» тұрғын үй кешенінен  тапсырылды. Зеренді ауылындағы жаңа көппәтерлі үй елді мекеннің қақ ортасында салынған.

Баспана алғандардың қатарында Бурабай кентінің тұрғыны, көпбалалы ана Ділбара Жүсіпова бар. 7 баласы бар отбасы ауданы 100 шаршы метрден асатын үш бөлмелі пәтерге қол жеткізді.

–Төбесі биік, кең әрі жайлы пәтер үшін мемлекетімізге алғысым шексіз. Енді балалардың әрқайсысының өз бөлмесі болады, – деді бұл орайда ардақты ана.

Айта кетейік, Сандықтау ауданының орталығы Балкашино ауылында пайдалануға берілген 16 пәтерлі тұрғын үй әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында  салынған екінші тұрғын үй кешені.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар