2026 жылы Қазақстанда конституциялық реформа бойынша жалпыұлттық референдум өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен 2026 жылы Қазақстанда конституциялық реформаға қатысты жалпыұлттық референдум өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қызылорда қаласында өткен Ұлттық Құрылтай отырысында мәлімдеді.

Реформа жобасына сәйкес, еліміздің Негізгі заңына бірқатар маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, вице-президент лауазымын бекіту, білім мен ғылымды, мәдениет пен инновацияны мемлекеттік дамудың басты басымдықтары ретінде айқындау көзделген. Сонымен қатар, цифрландыру бағыты конституциялық деңгейде бекітіліп, азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғау, дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері нақты айқындалмақ.

Жаңа Ата Заң жобасы қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігін күшейтуге, құқықтық мемлекетті нығайтуға және халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

«Аскоп» ЖШС ұжымы алдағы жалпыұлттық референдумды және конституциялық өзгерістерді толық қолдайды. Кәсіпорын қызметкерлері ұсынылып отырған реформалар елдің тұрақты дамуына, заманауи басқару жүйесін қалыптастыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге оң ықпал етеді деп санайды.

«Аскоп» ЖШС

Егіндікөл ауданы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар