Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің құндылықтарын нығайта түседі

Жаңа Конституция – жаңғыру жолы!

Ағымдағы жылдың 15 наурызында елімізде жаңа Конституцияны қабылдау бойынша өте маңызды референдум өткелі отыр. Халқымыз бірлесіп, болашақ үшін шешім қабылдайды деп ойлаймын.

Жаңа конституциялық реформа бізге дәл қазіргі уақытты өте қажет деп ойлаймын. Жаңа Ата заң жобасымен де толық тынысып шықтым. Құжат негізінде Ұлы Дала мемлекеттілігінің сабақтастығын, ұлттық құндылықтарын сақтай отырып, елдің унитарлық сипаты, шекарамыздың мызғымастығы мен аумақтық тұтастығын нақты белгілей отырып құрастырылған.

Ондағы ережелер қоғам үшін де, кәсіпкерлік орта үшін де маңызды тұрақтылық пен болжамдылықтың негізін қалыптастырады.    Бизнес үшін бұл тең шарттар, меншік құқығын қорғау және мемлекеттік институттарға деген сенімді білдіреді. Заңдылық болмаған жерде тұрақты даму мен инвестициялық белсенділік мүмкін емес.

Ұлттық палата өкілі Конституцияда адами капитал, білім беру, ғылым мен инновацияларды дамыту стратегиялық бағыт ретінде бекітілгеніне назар аударыпты. Бұл еңбек нарығы, заманауи жұмыс орындарын құру және зияткерлік меншікті дамытумен тікелей байланысты.

Ата заңда басқару нысанын президенттік республика ретінде нақтылау және егемендік, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықтың өзгермейтінін бекіту құқықтық айқындықты және мемлекеттік құрылымның ішкі логикасын күшейтеді.

Конституция жобасы жауапкершілік, әділеттілік және елдің болашағына бағдарланған жаңа қоғамдық келісімді айшықтайды.

Ерқанат Мұсылманбек.
Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының директоры.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар