2026 жылдың 25-27ақпан аралығында Ақмола облысында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының көктемгі кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға дайындығын одан әрі жетілдіру және тексеру мақсатында өткізіледі.
Оқу-жаттығуға түрлі құрылымдардың (полиция, жедел жәрдем, құтқарушылар және т.б.) арнайы техникасы жұмылдырылатын болады.
Осыған орай, тұрғындарды сабырлық сақтауға, оқу жаттығуларына түсіністікпен қарауға және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға шақырамыз.
Оқу-жаттығуды басқарудың облыстық штабы Көкшетау қ., Сарыарқа ықшам ауданы 8/5 мекен-жайы бойынша орналасады.
Ақмола облысының заматтық қорғау ақпарат қызметі
![]()

