Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың  құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді көктемнің алғашқы күнімен бірге келетін, жүректерге жылу мен жан тыныштығын сыйлайтын, елді бірлікке үндейтін Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Алғыс айту күні  – жалпыұлттық мереке, ол өзара көмек пен жанашырлықтың, шынайы ризашылық пен халық бірлігінің айқын нышаны. Бұл мерекенің негізінде Тәуелсіздік, тарихи сабақтастық, Әділетті мемлекет құру, Заң мен Тәртіп қағидаттары, ұлтаралық және конфессияаралық келісім сияқты еліміздің басты құндылықтары жатыр.

Оның негізінде еліміздің басты құндылықтары – Тәуелсіздік, тарихи сабақтастық, Әділетті мемлекет құру, сондай-ақ Заң мен Тәртіп, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қағидаттары жатыр.

Осы бір игі мерекеде өңіріміздің барлық саласында еңбек етіп, оның дамуына сүбелі үлес қосып, әлемдік аренада ел абыройын асқақтатып жүрген барша ақмолалықтарға шынайы алғысымды білдіремін. Әсіресе, ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне, әлеуметтік сала қызметкерлеріне, құрылысшылар мен құтқарушыларға, ұстаздар мен дәрігерлерге ерекше ризашылығымды жеткізгім келеді.

Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке мен тыныштық тілеймін!

***

Құрметті жерлестер!

Депутаттық корпус атынан және жеке өз атымнан баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жыл сайын 1 наурызда атап өтілетін бұл күні Қазақстан халқының түрлі этнос өкілдері үшін сындарлы кезеңдерде адамгершілік пен рухани құндылықтардың үстем болғанын еске салады.

Қайырымдылық, мейірім, өзара көмек пен сыйластық қазақ жерінде біз ерекше қадірлейтін әрі мақтан тұтатын достық пен өзара түсіністіктің айрықша ахуалын қалыптастырды.

Бұл бірегей мерекенің басты мәні – тарихи жадымызды сақтап, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, жас буынды адамгершілікке тәрбиелеп, туған жерге, айналамыздағы жандарға ризашылық білдіру болып табылады.

Осы айтулы күні сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, амандық, бейбіт өмір мен өркендеу тілеймін. Көпұлтты еліміздің береке-бірлігі мен ынтымағы арта берсін!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар