ДЕНСАУЛЫҚ
Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасының білім беру және денсаулық сақтау салалық кеңесінің отырысы болып өтті.
Онда фармацевтикалық бөлшек саудада бағаны реттеу мәселесі қаралды. Жиынға қатысушылар, әсіресе, шағын дәріханалардың кейбір мәселелеріне тоқталды. Қазіргі қолданыстағы ережелер шағын дәріханалар үшін жұмыстың тым күрделі моделін қалыптастыруда. Арзан дәрі-дәрмектердің ассортименті қысқарып, соның салдарынан бөлшек саудадағы дәріханалар қолжетімді дәрі-дәрмектерді сатып ала алмайды. Ал, бұл халықтың қымбат дәрілерді алуына әкеліп соғады.
Отырыста, сондай-ақ, салық жүйесі, шағын кәсіпкерлік субъектілерін ірі дәріханалар желілері тарапынан жосықсыз бәсекелестіктен қорғау мәселелері де талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша осы айтылған жайлар туралы Денсаулық сақтау министрлігін құлағдар ету жөнінде шешім қабылданды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

