Білім мен оған қолжетімділікке ерекше мән берілген

Жаңа Конституция – жаңғыру жолы!

Жаңа Конституция жобасының негізгі мақсаты – азаматтардың мүдделерін қорғау және мемлекетіміздің ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Онда мемлекеттің даму бағыттары, қоғамның құндылық бағдарлары және билік пен халық арасындағы қарым-қатынастың жаңа сапасы айқын көрініс тапқан.

Жаңа Конституцияның кіріспе бөліміне, преамбуласына тоқталғым келеді. Мұнда адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің ең жоғары басымдығы ретінде бекітіледі. Бұл қағида мемлекеттік саясаттың философиясын түбегейлі өзгертеді. Яғни, Конституцияның негізінде мемлекет адамға қызмет етуі және оның қадір-қасиетін қорғауы тиіс деген ұстаным жатыр.

Сонымен қатар, бірлік пен келісім, ұлтаралық және конфессияаралық өзара түсіністік Қазақстан мемлекеттілігінің берік негізі ретінде айқындалған. Қазақстан сияқты көпұлтты әрі көпконфессиялы мемлекет үшін бұл нормалардың маңызы өте зор. Бұл қоғамдық келісім мен өзара құрмет кездейсоқ құбылыс емес, заңмен қорғалатын ортақ құндылық екенін білдіреді.

Жаңа Конституция жобасында білімнің рөліне ерекше мән берілген. Білімге қолжетімділік әлеуметтік тұрақтылықтың және адами капиталды дамытудың негізі болып қала беруі тиіс. Яғни бұл стандарттар студент жастар үшін де негізгі бағдар болмақ.

Жаңа Конституция қазақстандықтардың өмір сапасын тікелей айқындайды және уақыт талабына толық жауап береді. Білім мен инновацияны дамыту оның басты құндылықтарының біріне айналады.

Конституцияда білім сапасын арттыруға, ғылымды дамытуға және оны өндіріс саласымен ұштастыруға ерекше көңіл бөлінген. Ғылыми прогресс нәтижесінде ұлттық экономика мүлде жаңа жағдайларда жұмыс істейтін болады. Оның сапалы өсуін қамтамасыз ету үшін білім мен ғылым жоғары басымдыққа ие болып отыр. Өйткені олар алғаш рет жаңа Конституцияның преамбуласында бекітіледі. Бұл адами капиталды, білім мен инновацияны дамыту Қазақстанның болашағының берік іргетасы ретінде қарастырылатынын білдіреді.

Осылайша, құрметті достар, баршаңызды 2026 жылғы 15 өтетін наурызда республикалық референдумға қатысуға шақырамын. Ұсынылып отырған Конституцияның жаңа редакциясы қазіргі заман талаптарына толық жауап береді. Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды!

Әбілмәжін АЮЛОВ,
Көкшетау гуманитарлық-техникалық академиясының ректоры,
экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар