Көкшетаулық ардагерлер референдумды қолдайды

Белсенді ұзақ өмір орталығында ардагерлермен кездесуде өңір басшысы Марат Ахметжанов референдум өткізудің тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып берді және барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Өңір басшысы ел болашағына әсер ететін шешімдер қабылдауда әрбір азаматтың қатысуының маңыздылығын ерекше атап өтті.

– Конституция тек Негізгі заң ғана емес. Бұл Тәуелсіздігіміздің іргетасы, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Бұл – Қазақстанның болашағы қандай болатынын айқындайтын құжат. Әр адамның дауысы – біздің азаматтық ұстанымымыз бен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміздің көрінісі. Біз таңдаған жолымыз арқылы мемлекетіміздің қандай болатыны анықталады, балаларымыз бен немерелеріміздің қандай елде өмір сүретіні соған байланысты. Сондықтан ешкім бейқам қалмауы керек, – деп атап көрсетті Марат Ахметжанов.

Ардагерлер пікір алмасуға белсенді қатысты, өз көзқарастарымен бөлісті және референдум өткізуді қолдап, өз ойларын білдірудің қажеттілігін атап өтті.

– Ақмолалықтар әрдайым жоғары азаматтық жауапкершілігімен және бірліктігімен ерекшеленген. Біздің өңір – тұрақтылықты, дамуды және қоғамдық келісімді бағалайтын белсенді өмір ұстанымы бар еңбек адамдары. Біз өмірімізді, барлық білімімізді қалалар мен ауылдардың дамуына арнадық, сондықтан елімізде осындай ауқымды саяси оқиғалар болып жатқанда бейқам қалу мүмкін емес,  деді Абай Мырзахметов атындағы университеті ардагерлер кеңесінің төрағасы Есболат Дүсенбаев.

Кездесудің соңында әкім ардагерлерге белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс айтып, олардың референдумдағы қатысуы жастар мен облыс орталығы тұрғындары үшін үлгі болатынына сенім білдірді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар