Ақкөл ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру барысы жоғары деңгейде өтуде. Бұл күні аудан тұрғындары тек азаматтық міндетін өтеп қана қоймай, ел бірлігі мен отбасылық дәстүрге адалдығын көрсетуде. Көптеген тұрғындар учаскелерге балаларымен, қарияларымен – тұтас әулет болып келуді жөн көрген.
Ерекше атап өтерлік жайт, №754 сайлау учаскесіне Мадияровтар әулеті түгел келіп, өз таңдауларын жасады. Мұндай сәттер сайлау науқанына ерекше жылулық пен мерекелік ахуал сыйлады. Ата-ананың балаға үлгі болуы, үлкеннің кішіге жол көрсетуі – біздің қоғамның мызғымас негізі.
Ақкөл ауданының учаскелеріндегі көтеріңкі көңіл-күй мен халықтың бірлігі ел болашағына деген нық сенімді ұялатады.
![]()

