Державинск тұрғыны айтулы күнінде дауыс берді

Бүгін Державинск қаласындағы №482 сайлау учаскесіне келген Наталья Сергеевна Нагашпекова үшін бұл күннің маңызы ерекше. Маңызды күннің туған күнімен тұспа-тұс келген референдум Наталья Сергеевна үшін ел болашағына деген жауапкершіліктің символына айналды.

48 жасқа толған кейіпкеріміз сайлау учаскесіне жұбайымен бірге келіп, өз таңдауын жасады. Екі ұл тәрбиелеп отырған бақытты ана әрбір азаматтың дауысы мемлекеттің ертеңі үшін маңызды екеніне сенімді.

«Бүгін мен үшін өте ерекше күн. 48 жасқа толған мерекемнің референдуммен қатар келуінің символдық мәні бар деп есептеймін. Жұбайым екеуіміз өз таңдауымызды жасадық. Мен үшін тек құттықтаулар қабылдау ғана емес, өз елімнің тағдырына атсалысу — үлкен мәртебе», — дейді Наталья Сергеевна.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар