18 наурыз күні «Ауыл» партиясының Ақмола облыстық филиалы ұйымдастыруымен «Батамен Ел Көгерер» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті
Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін, рухани құндылықтарын дәріптеу, мәдени мұрасын сақтау және талантты жастарды қолдау
Байқау барысында қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, қазылар алқасының шешімімен үздіктер анықталды.
Жеңімпаздар:
І орын – Магалиев Амантай Жылкыбайұлы
ІІ орын – Магауов Еслямбек Жақсыгелдіұлы
ІІІ орын – Хабдырашұлы Дакей
Сонымен қатар, байқауға белсене қатысып, ерекше өнер көрсеткен қатысушыларға ынталандыру сертификаттары табысталды:
— Шарипов Әлімтай Ғазизұлы
— Сарбасов Ғалым Шаяхметұлы
Барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар берілді
Шара барысында мәдени бағдарлама ұсынылып, ұлттық құндылықтар кеңінен насихатталды.
Іс-шараға БАҚ өкілдері де қатысып, оның ішінде «Арқа ажары» газетінің тілшісі арнайы келді
Осындай игі бастамалар арқылы ұлттық мұрамыз жаңғырып, жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.
![]()

