Кезек күттірмейтін мәселелер жедел кеңесте пысықталды

ТАСҚЫНҒА – ТОСҚАУЫЛ

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпанның төрағалығымен Көкшетау қаласында көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайдың туындау қаупіне жол бермеу мақсатында жедел кеңес өтіп, онда бір сындарлы сәттің алдын алудың жай-жапсары қаралды.

«Қазгидромет» мәліметінше, 28 наурыздан бастап, түнгі уақытта да, температураның тұрақты түрде жоғарылауы күтіледі. Бұл қар жамылғысының қарқынды еруіне, еритін сулардың айтарлықтай көлемде түзілуіне және гидротехникалық құрылыстар мен су ағызу жүйелерінде жоғары жүктеменің пайда болуына әкеледі.

Мол ылғал қаупі мен өткен жылғы тәжірибені ескере отырып, өңірде әрекет ету шаралары күшейтілді. Облыстық жедел штабта тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, жауапты лауазымды тұлғалар жағдайды бақылау үшін аудандарға жіберілді.

Қар шығару, еритін суды сору, арықтар мен каналдарды тазалау және судың еркін ағуын қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыру қолға алынуда.

– Өткен жылғы су тасқынының салдарын ескере отырып, біз әрекетімізді барынша жедел және үйлесімді жүзеге асырудамыз. Негізгі мақсат елді мекендерді су басуына жол бермеу және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Барлық қызметтер алдын ала жедел жұмыс істеп, әрбір басшы қабылданған шешімдер үшін жеке жауапкершілікте болады, – деп атап өтті өз сөзінде Мұрат Балпан.

Қорғаныс қызметтерінің басшылары мен бекітілген лауазымды тұлғаларға су тасқыны жағдайын тұрақты бақылап отыру, жұмыс орындарында кезекшілік ұйымдастыру тапсырылды. Облыстық жедел штаб барлық қатысушы қызметтердің әрекеттерін қатаң үйлестіріп, осы жөнінде республикалық штабты уақытылы хабардар етуі тиіс.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар