12 сәуір – Ғылым саласы қызметкерлерінің күні

Қазақстанда жыл сайын 12 сәуірде Ғылым саласы қызметкерлерінің күні аталып өтіледі.

Бұл мереке еліміздің ғылыми әлеуетін дамытуға өз үлестерін қосып жүрген осы сала мамандары еңбегінің бір өтеуі ретінде 2011 жылдан бері кәсіби деңгейде тойланып келеді.

Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – бұрынғы Космонавтика күні. 1961 жылы дәл осы күні Кеңестер Одағынан Юрий Гагарин тұңғыш рет ғарышқа ұшып, аман-есен жерге оралды. Сөйтіп, адамзат тарихында космос дәуірі басталды.

Сонымен бірге, бұл күн – Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, аса көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген күні. Осы оқиғаға да орайластырылған бұл мерекеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жан-жақты қолдауының арқасында елімізде ғылым саласында да айтарлықтай жетістіктердің барын ауызға алмай болмайды.

Осы орайда, қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Имантайұлының: «Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірибелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін, үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз дәрежесінде заман талабының өресінде болады» деген аталы сөзі әрқашан Отандық ғылымның ең басты қозғаушы күші болып қала берері сөзсіз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар