Астанада RES 2026 EXPO халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі және негізгі халықаралық келісімдерге қол қою өтеді

2026 жылы 22 сәуірде, яғни, бүгін сағат 15:30-да елордадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығының бас сахнасында жасыл технологиялар, инвестициялар және орнықты даму саласындағы Орталық Азиядағы ең ірі алаң – RES 2026 EXPO халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі және жасыл экономика мен климаттық инвестициялар саласындағы негізгі халықаралық келісімдерге қол қою өтеді.
Салтанатты рәсім көрменің алғашқы күнінің басты оқиғасына айналып, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнестің және инвестициялық қауымдастықтың өкілдерін біріктіреді.
Іс-шараға Орталық Азия елдерінің қоршаған ортаны қорғау министрлері, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Antonello De Riu, сондай-ақ Green Climate Fund-тың Шығыс Еуропа бойынша директоры Thomas Eriksson қатысады.
Рәсімнің негізгі оқиғасы «жасыл» экономиканы дамытуға, инвестициялар тартуға және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды халықаралық келісімдерге қол қою болмақ.
Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Италия Республикасының Қоршаған орта және энергетикалық қауіпсіздік министрлігі арасындағы меморандум бар. Бұл құжат экология және климаттың өзгеруі саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға, жасыл технологияларды енгізуге, табиғи ресурстарды ұтымды басқаруға, сондай-ақ экологиялық таза және энергия тиімді шешімдерді ілгерілетуге негіз қалайды.
Бұл платформа энергетика және климаттық трансформация секторларындағы елдік басым жобаларды жүйелі түрде қалыптастыруға және сүйемелдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол мемлекеттік органдарды, даму банктерін және жеке инвесторларды біріктіріп, климаттық қаржыландыруды тартудағы кедергілерді азайтады.
Рәсімнің тағы бір бөлігі Қазақстан Даму Банкі Басқарма Төрағасының қатысуымен ірі өнеркәсіптік және «жасыл» жобаларды қаржыландыруға бағытталған инвестициялық келісімдерге арналмақ.
Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қатысуымен энергетика және жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы бастамаларды қамтитын стратегиялық құжаттарға қол қойылады. Рәсімге Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов те қатысады.
Қол қойылатын келісімдер өңірдегі халықаралық әріптестікті дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру және орнықты дамуды ілгерілету жолындағы маңызды қадам болады деп күтілуде.
RES 2026 EXPO көрмесі 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында өтеді және 30 елден 300-ден астам компанияны, 1500-ден астам делегатты және 20 000-нан астам келушіні біріктіреді.

https://res2026.kz/RES 2026 туралы ақпарат сайтта: https://res2026.kz/
Өтетін күні мен орны: Астана қ., «EXPO» халықаралық көрме орталығы (Мәңгілік Ел даңғ., 53/1)
Аккредитация мәселелері бойынша:
Меруерт Шукуева, m.shukuyeva@igtipc.org , +7 705 129 58 11
Алтынай Боранбаева, a.boranbayeva@igtipc.org, +7 777 640 19 61

Астана, 2026 жылғы 22 сәуір, 15:30
Өтетін орны: «EXPO» халықаралық көрме орталығының басты сахнасы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар