«Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық портал ұсынады  

2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күні» дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады, онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және ол арқылы салымшылардың қандай мүмкіндіктерге ие болатыны туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді.

Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:

  •  платформа қалай жұмыс істейді?
  •  зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай?
  •  инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады?
  •  басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек?
  •  өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады?
  •  салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар?

Қатысушылар өздерін қызықтырған кез-келген сауалдарға Қор мамандарынан түсініктемелер, сондай-ақ, жеке кеңестер ала алады.

«Ашық есік күні» 2026 жылдың 28 сәуірі күні сағат 10.00, 12.00 және 15.00-де онлайн-форматта өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін сілтеме https://bit.ly/akm0426 бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2513 895 3532 және event-кеңестің құпия сөзін 1234 енгізіңіз.

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар