Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Сіздерді еліміздің тарихында ерліктің, төзімділіктің және Отанға деген жанқиярлық сүйіспеншіліктің символы ретінде мәңгілікке жазылған қасиетті мереке – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!

9 мамыр – өлшеусіз қажыр-қайрат пен үлкен құрбандықтар арқылы бейбітшілік пен бостандықты қорғап қалған аға ұрпаққа шексіз алғыс айтатын күн. Біз майдан даласында жан тапсырған боздақтардың жарқын рухына бас иіп, Жеңіс күнін жақындатқан ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне, барша жауынгерлерге шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Олардың өшпес ерлігі бізді еліміздің жарқын болашағы жолында жаңа белестерді бағындыруға жігерлендіреді.

Тарихи жадыны сақтай отырып, біз патриотизм, құрмет және өзара қолдау құндылықтарына сүйеніп, бейбіт және қуатты мемлекет құруды жалғастыра түсеміз. Бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық – бұл сол бір зұлмат жылдары біз қорғап қалған ұлы құндылықтар.

Осы бір қасиетті мереке күні баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке, бейбіт аспан және ертеңгі күнге сенімділік тілеймін. Әр шаңырақта шаттық пен өзара сыйластық салтанат құрсын. Ұлы Жеңіс мерекесімен!

***

Қадірлі ақмолалықтар!

Сіздерді ең маңызды әрі қасиетті мерекелердің бірі – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке 80 жылдан астам уақыт бойы халқымыздың теңдессіз ерлігін еске алғызып, кейінгі ұрпақтарды бір мақсатқа біріктіріп, өмірімізге ерекше мән беріп келеді. Осы күні біз соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің алдында бас иіп, еркіндік пен тәуелсіздікті орасан зор құрбандық пен ерлік арқылы қорғап қалғандары үшін терең құрмет пен алғыс сезімін білдіреміз.

Майдангерлердің ерлігі, тыл еңбеккерлерінің төзімділігі мен жанқиярлығы тарихта мәңгі сақталып, бүгінгі қоғам үшін өнегелі бағдар болып табылады. Аға ұрпақтың батылдығы мен Отанға деген адалдығы – шынайы патриотизмнің айқын үлгісі.

Жеңістің ортақ шежіресінде Ақмола өңірінің үлесі ерекше. Мыңдаған жерлестеріміз ұрыс даласында ерлік көрсетіп, Отанды абыроймен қорғады, ал, тылда киелі жеріміз майданның сенімді тірегіне айналды.

Біз тарихи шындықты сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізуге, ардагерлерге әрдайым құрмет пен қамқорлық көрсетуге тиіспіз. Ұрпақтар сабақтастығы, бірлік пен Отанға деген шынайы сүйіспеншілік қоғамымыздың берік негізі әрі бейбіт болашақтың кепілі болып табылады.

Баршаңызға осы мереке күні зор денсаулық, амандық, бейбітшілік пен келісім және еліміздің игілігі жолында жаңа жетістіктер тілеймін!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар