Майданнан келген хат

Солдат хаттары! Бүктеме бойымен тозған ескі сарғайған қағаз… Мұндай хаттар әлі де көп отбасында сақталған. Осындай әрбір үшбұрышты хаттың өз тарихы бар. Оның соңы бақытты немесе қайғылы да болуы мүмкін.

Кейде ауылға қара қағаз келгеннен кейін туыстарының майдандағы сол жоқтаған ардақтарынан хат алғандары да бар. Аналары мен келіншегі, сүйген қызы сол сүйікті адамының тірі екеніне сеніп, оны зарыға жылдар бойы күтті. Сол күткендердің қатарында әкесі Қабдолла Доскенов майданға кеткеннен кейін өгей шеше мен туыстарының қолында қалған Зейникеш Ғабдуллина анамыз да бар еді. Ол ұзақ жылдар бойы әкесінің оралуын күтіп, осы бір үшбұрышты әке хатын мұқият сақтапты.

Міне, атамыздың майданнан жазған сол хаты.

Северо-Казахстанская область Аиртауский район к
Сулугул
Доскенову Сакенуот Доскенова Кабдоллы.

 Амандық хат.

Үй ішіне, ініміз Сәкенге, яғни, келіндерге, балаларға, жолдасым Қапышқа, ағайын-туысқандарға, Шәріп, Жәкіш, Бәбоғұлға, Рақия, Күлмайданға, Сарашкаға, бәріңізге де сағынышты сәлем, тілектес туысыңыз Қабдолладан.

Менің балаларым тегіс аман ба? Ал, өз амандығыма келсем, аман-сау жүріп жатырмын. Әзір тұрмыс жаман емес. Бірақ, жолда ауыр болды. Вагон алып, жетпіс кісі мініп келдік, тығыз болып, аз күн болып келдік. Ауылдан барған жігіттер біргеміз.

Шадан да қосылды, әскер тәртібін қолданып жүр, тәртіп қатты.

Басқа не жазайын. Қош болыңдар.

Тілектес болыңдар. Біздің адресіміз:

г. Прикаспийский,

станция Усат Шахт,

Қабдолла Доскенов.

Иә, Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлеріміздің ерліктерін мәңгі есте сақтаумен бірге, сыз окоптың түбінде отырып жазған сағыныш пен үмітке толы мұндай хаттары да ұмытылмауы тиіс. Өйткені, біз Ұлы Жеңістің мұрагерлеріміз!

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар