Сегіз вокзалдың құрылысы аяқталуға жақын

Өңірлерді дамыту

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Атбасар, Жақсы және Есіл аудандарына жұмыс сапары барысында темір жол вокзалдарын реконструкциялау және құрылыс жұмыстарымен танысты.

Өңірімізде республика бойынша 120 вокзалдың 16-сында жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов

– Атбасардағы темір жол вокзалы 1956 жылы салынған. Бұл вокзалдың құрылғанына 70 жылдан асты. Сыртқы және ішкі жабындарын демонтаждау кезінде жарықтар табылып, қайта тексеруден кейін ескі ғимаратты толығымен бұзуға тура келді. Кәріз суларының жертөлелерді басу мәселесін шешу үшін жаңа ғимаратқа үлкен шұңқыр қазылды. Вокзал аумағы 170 шаршы метрге кеңейтілді, жолаушыларға қызмет көрсетуге қолайлы жағдай жасалды. Сондай-ақ, балалар ойын алаңы, асхана, жеке бөлмелер, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындар бар, –  деді «Integra Construction KZ» ЖШС филиалының директоры Арман Нұрмұқанов.

Қазіргі уақытта ғимараттың қасбеті талшықты цемент панельдермен қапталып, жылу бетін жабу жұмыстары жүргізілуде. Жақын күндері терезелер орнатылып, интерьер дизайны басталады. Мердігерлер екі ауысымда жұмыс істеп, барлық жұмыстарды 15 шілдеге дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Облыс әкімі сапаны төмендетпей, жұмысты жеделдетіп, құрылыс кестесін орындауды тапсырды.

Жақсы ауылындағы 1960 жылы салынған теміржол вокзалының жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ғимарат 221 шаршы метрді алып жатыр, нысанды жаңғырту құны 95 миллион теңгеден асады.

Жақсы теміржол вокзалы арқылы үш жұп пойыз өтеді. Олар, Алматы-Қостанай және Қостанай-Алматы, Маңғыстау-Семей, Семей-Маңғыстау, Нұрлыжол-Арқалық, Арқалық-Нұрлыжол және бір қала маңындағы электр пойызы. Бұл бағыттарды бірінші кезекте республикалық шараларға қатысатын қазақстандық спортшылар пайдаланады.

– Облыстағы 16 вокзалдың сегізі, яғни, 90 пайыздан астамы дайын. Жақсы ауылындағы вокзал ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Жұмыс 90 пайызға орындалды. Толық жөндеу жұмыстары аяқталды, оның ішінде шатыры мен инженерлік желілерін ауыстыру, перрондар мен маңайдағы аумақтарды жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді облыстық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Владимир Кулаков.

Есілдегі теміржол вокзалы 1943 жылы салынған. Бұл жерден сегіз жұп пойыз өтеді, оның алтауы жолаушылар, екеуі қала маңы пойыздары. Оларда тәулігіне 240 жолаушы  жүреді. Қазіргі уақытта ескі ғимарат орнында жаңа, заманауи нысан салынып жатыр. Вокзал алаңын кешенді абаттандыруға ерекше көңіл бөлінуде, оған бедертас төселіп, асфальт жабыны толық жаңартылады.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Марат Ахметжанов құрылыс материалдарының сапасын қатаң бақылауды, жұмыс мерзімдерін созбауды және ең бастысы, осы ауқымды жаңғырту тұрғындардың қолайлы өмір сүру үшін жүргізіліп жатқандықтан, жергілікті халықтың пікірі мен сұраныстарын міндетті түрде ескеруді тапсырды.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Александр БОТКИН.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар