«Бұлақ көрсең, көзін аш»

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Жарқайың ауданында ауқымды сенбілік болып өтті. Іс-шараға жастар ресурстық орталығының еріктілері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлері қатысты.

Бұлақ басында өткен сенбілікте абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар қоқыстарды шығарып, аумақты ретке келтіріп, осынау әсем табиғи орынның келбетін қайта қалпына келтірді.

Бұл игі іс әр ұрпақ өкілдерінің бірлескен күш-жігерінің жарқын үлгісі болды.

– Бұлақты тіршілік көзі дейміз. Халқымыз «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп бекер айтпаған. Бүгінгі игі шара табиғатты аялаудың жарқын көрінісі болып табылады. Осындай бастамалар арқылы біз кейінгі ұрпақтарға үлгі боламыз, – дейді Жарқайың аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұлболсын Ахметова.

Ауданда ұрпақтар сабақтастығы мен қоғамдық ұйымдардың белсене атсалысуының арқасында табиғатты қорғауда елеулі жұмыстар атқарылуда. Бұл орайда:

– Жастар әрқашан қоғамдағы оң өзгерістердің қозғаушы күші болуы керек. Бүгінгі сенбілік – соның айқын дәлелі. Біз үшін бұл жай ғана сенбілік емес, туған жерге деген құрмет пен жауапкершіліктің белгісі, – деп атап өтті аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Әсел Ғазез.

Мәдияр ҚОЖАГЕЛДИН.

 Жарқайың ауданы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар