«Жасыл Ел» – болашаққа жасалған қадам: Егіндікөлдік жастар Астрахан ауданында тәжірибе алмасты

Бейбарыс Арқа ажары: 16 маусым 2026 жыл – Бүгін Астрахан ауданында «Жасыл Ел – болашаққа жасалған қадам» атты жастар еңбек отрядтарының маусымы салтанатты түрде ашылды. Бұл ауқымды шараға Егіндікөл ауданының «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы арнайы қатысып, аймақтың экологиялық және әлеуметтік бастамаларына өз үлестерін қосты. Аудандық мәдениет үйінің төрінде өткен іс-шара өңір жастары мен белсенділердің басын қосты.

Шараның негізгі бағыты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды. «Жасыл Ел» сарбаздары республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене атсалысты. Жастар ағаш егу және аумақты абаттандыру жұмыстарына қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз қолтаңбаларын қалдырды.

Еңбекпен қатар, жастар үшін танымдық-ағартушылық бағдарлама ұйымдастырылды. Қатысушылар Астрахан ауылындағы Шығармашылық үйінің мұражайына экскурсия жасап, өңірдің өткені мен мәдени дәстүрлерінен мол мағлұмат алды. Сонымен қатар, «Агробизнес және сервис» колледжінде өткен кездесу жастар үшін үлкен тәжірибе болды. Оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, шеберханалармен танысқан жасөспірімдер болашақ мамандық таңдау жолында пайдалы ақпаратқа қанықты.

Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен марапаттар табыс етілді. Ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай кездесулер жастардың еңбекке деген құлшынысын арттырып қана қоймай, оларды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа және қоршаған ортаны қорғауға баулиды. «Жасыл Ел» жасағының мүшелері жинақтаған тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы жазғы маусымда да аймақты дамытуға үлес қосатындарын жеткізді.

Егіндікөл ауданы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар