Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – денсаулықты сақтап, адам өмірін арашалауды өздерінің басты мұратына айналдырған ең ізгі әрі жауапты мамандық иелерінің мерекесі.
Бүгінде Ақмола облысында халыққа 560 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Салада 12 мыңнан астам медицина қызметкері – дәрігерлер, фельдшерлер, медбикелер, санитарлық қызметкерлер және түрлі бағыттағы басқа да мамандар еңбек етуде. Сіздердің адал еңбектеріңіздің арқасында өңір тұрғындары сапалы әрі уақытылы медициналық көмек алуда.
Мемлекет тарапынан денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің 38 нысаны салынды. Бұл ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Саланың дамуы, жаңа технологияларды енгізу, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту сіздердің жоғары кәсібилік, өз істеріңізге деген адалдық қасиеттеріңізсіз және үнемі білімдеріңізді жетілдіруге деген ұмтылыстарыңызсыз мүмкін емес.
Әрбір медицина қызметкеріне таңдаған мамандығына деген адалдығы, жауапкершілігі және ақмолалықтардың денсаулығына деген қамқорлығы үшін шынайы алғысымды білдіремін. Денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне ерекше ризашылығымды жеткіземін. Сіздер көп жылғы қажырлы еңбектеріңізбен өңір медицинасының берік негізін қаладыңыздар.
Сіздерге зор денсаулық, бақыт, бақ-береке, бейбіт өмір мен игілік тілеймін. Әрдайым сұранысқа ие еңбектеріңіз қоғам тарапынан лайықты бағалансын. Отбасыларыңызға сүйіспеншілік, татулық пен амандық тілеймін!
***
Ардақты денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Ақмола облысының депутаттық корпусының атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осы мереке күні ізгілік пен жанашырлыққа негізделген осынау асыл мамандықты таңдаған медицина қауымдастығының барлық өкілдеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Дәрігердің емханада немесе көшпелі жағдайда еңбек етуіне, ауылдық амбулаторияда қызмет атқаруына не күрделі операциялар жасауына жол ашқан әрбір медицина қызметкерінің еңбегі қоғам үшін баға жетпес құндылық. Өйткені, сіздерге өмірде ең қымбат адам денсаулығы сеніп тапсырылған.
Сіздер күн сайын жүздеген науқасты қабылдап, «жедел жәрдем» шақыртуларына барасыздар, күрделі хирургиялық оталар жасап, еліміздің жаңа азаматтарының аман-есен дүниеге келуіне көмектесесіздер. Бұл жетістіктер қазақстандық дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің жоғары кәсібилігінің, өз ісіне адалдығы мен жанқиярлық еңбегінің айқын дәлелі болып табылады.
Бүгінде мемлекеттің қолдауының арқасында Ақмола облысында денсаулық сақтау жүйесі қарқынды дамып келеді. Оған жаңа дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттердің ашылып, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының нығайтылуы дәлел бола алады.
Осы орайда, ауылдық жерлерге медициналық кадрларды тарту және оларды тұрақтандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Облыстық мәслихат медициналық қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шараларын бекітті. Депутаттық корпустың қолдауымен мамандардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің көлемі ұлғайтылып, бұл ауылдық елді мекендерде еңбек етуге деген қызығушылықтың артуына ықпал етуде.
Сіздерге қажырлы әрі жанқиярлық еңбектеріңіз, жоғары кәсібиліктеріңіз, таңдаған мамандықтарыңызға адалдықтарыңыз, мейірімділіктеріңіз бен ортақ іске жанашырлықтарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін. Баршаңызға мықты денсаулық, амандық, бақ-береке, отбасылық бақыт, жаңа кәсіби жетістіктер, халықтың құрметі мен ризашылығын тілеймін. Ел игілігі жолындағы ерен еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, табыс биігінен көріне беріңіздер!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.
![]()

