Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазіргі қоғамды объективті және сапалы ақпаратсыз елестету қиын.

Бұқаралық ақпарат құралдары – азаматтық қоғамның өмірлік маңызды институты, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді байланыстырушы, ашық диалог пен өзекті мәселелерді сындарлы талқылау алаңы.

Бұқаралық ақпарат құралдары саласының өкілдері күнделікті маңызды миссияны атқарып, ақпараттық күн тәртібін қалыптастыру, жетістіктер мен қиындықтар туралы әңгімелеу және адамдарға тез өзгеретін әлемде дұрыс жолды таңдауға көмектеседі.

Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіздің, жауапкершіліктеріңіздің және іске деген адалдықтарыңыздыңарқасында облыс тұрғындары дер кезінде сенімді ақпарат алады.

Осы сәтте   ұзақ жылғы еңбегі арқылы ұлттық баспасөздің берік дәстүрін орнықтырған талантты журналистердің бір емес бірнеше ұрпағына тәлімгерлік еткен ардагер журналистерге ерекше алғысымды білдіргім келеді.

Ақмола облысының бұқаралық ақпарат құралдары алдағы уақытта да қоғамдық келісімді нығайтуға, өңірді дамытуға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға елеулі үлес қосатынына сенімдімін.

Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас шабыт, шығармашылық табыс, қызықты жобалар, кәсіби жетістіктер, өркендеу, өңіріміз бен еліміздің игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін!

***

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

 Ақмола облыстық депутаттық корпусының атынан журналистерді, редакторларды, операторларды, фотографтарды, тілшілерді және осы маңызды әрі жауапты салаға өмірін арнаған барша азаматтарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!

2019 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесін белгілеу бастамасын көтеріп, олардың қоғамның дамуы мен мемлекеттілікті нығайтудағы айрықша рөлін атап өткен болатын.

Бүгінде журналистер еңбегінің қоғамдық пікірді қалыптастыруда, қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етуде, объективтілік пен әділдік қағидаттарын нығайтуда маңызы зор. Ақпараттық технологиялар қарқынды дамыған заманда сіздердің кәсібиліктеріңіз, табандылықтарыңыз және өз істеріңізге деген адалдықтарыңыздың арқасында азаматтар еліміз бен әлемде болып жатқан маңызды оқиғалар туралы шынайы әрі жедел ақпарат алып отыр.

Шындықтың жаршысы болып, өз миссиясына үлкен жауапкершілікпен қарайтын, оқырманға, көрермен мен тыңдарманға құрмет көрсететін жандарға ерекше алғысымды білдіремін. Адам тағдырына бейжай қарамай, өзекті мәселелерді көтеріп, олардың шешу жолдарын іздеуге ұмтылатын еңбектеріңіз зор құрметке лайық.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, сарқылмас қуат, шабыт, шығармашылық табыс, жарқын материалдар, қызықты репортаждар мен жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, әрбір күн жаңа мүмкіндіктерге, толайым табыстар мен тың жетістіктерге жол ашсын!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар