Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Астана – егемен Қазақстанның символы, жасампаздықтың, бірлік пен болашаққа ұмтылыстың көрінісі. Елорда өзінің даму жылдарында мемлекетіміздің серпінді дамуы мен оның жоғары әлеуетін көрсететін еліміздің заманауи саяси-экономикалық, мәдени және қоғамдық орталығына айналды.
Ақмола облысының тұрғындары үшін бас қаламыз ауқымды жобаларды жүзеге асыруда және экономиканы дамытуда сенімді серіктес болып келеді. Бірлігіміздің, еңбекқорлығымыз бен жауапкершілігіміздің арқасында Қазақстанның бұдан былайғы дамуына, тұрақтылықты нығайтуға және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға лайықты үлес қоса беретінімізге сенімдімін.
Осынау мереке күні әр шаңыраққа бейбітшілік, жақсылық, мықты денсаулық, отбасыларына амандық, бақыт және жаңа жетістіктер тілеймін. Бас қаламыз бұдан былай да табыстың, жасампаздықтың және жарқын болашақтың символы болып қала берсін, ал, Қазақстан барша азаматтарының игілігі үшін гүлденіп, дами берсін!
Мереке құтты болсын!
***
Қадірлі жерлестер!
Депутаттық корпус атынан және өз атымнан баршаңызды Астана күнімен құттықтаймын!
Қысқа уақыт ішінде елордамыз мемлекеттің саяси және әкімшілік орталығы ғана емес, бүкіл халқымыздың мақтанышына айналды. Ол – Қазақстанның жасампаз рухын, болашаққа деген ұмтылысын және Тәуелсіз еліміздің зор мүмкіндіктерін айшықтайтын қала.
Әлемдік деңгейдегі маңызды іс-шаралардың өткізілуінің арқасында Астана халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылып, әлемдегі беделді бас қалалардың біріне айналды. Бұл еліміздің заманауи, ашық әрі бейбітсүйгіш мемлекет ретіндегі халықаралық беделінің нығаюына зор ықпал етуде.
Астана күні – барша қазақстандықтарды біріктіретін ерекше мереке. Бұл күн ел бірлігін, өсіп-өркендеуге, бақуатты әрі бейбіт өмірге деген ортақ ұмтылысты білдіреді. Елордамыздың қарқынды дамуы – бүкіл Қазақстанның тұрақты дамуының жарқын айғағы. Астана әрдайым жаңа жетістіктерге жігерлендіріп, халқымызды ортақ мақсатқа жұмылдырып, еліміздің одан әрі өркендеуінің берік тірегі бола берсін!
Елордамен іргелес орналасқан Ақмола облысы үшін Астананың дамуы ерекше маңызға ие. Өңіріміз елордамен экономикалық, әлеуметтік және еңбек байланыстары арқылы тығыз сабақтас. Күн сайын мыңдаған жерлестеріміз Астанада еңбек етіп, қаланың өсіп-өркендеуіне, тұрақтылығы мен әл-ауқатының артуына айтарлықтай үлес қосып келеді.
Осы айтулы мереке күні барлық Ақмола облысының тұрғындарына зор денсаулық, отбасыларына амандық, бақ-береке, ел тыныштығы мен татулық, туған өлкеміз бен Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.
![]()

