Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Мемлекеттік қызмет елді тиімді басқарудың негізі және қазіргі ең маңызды институты болып табылады. Нақ осы мемлекеттік қызметшілердің күнделікті және жауапты жұмысы арқылы елімізде стратегиялық бастамалар жүзеге асып, заңдылық пен құқықтық тәртіп қамтамасыз етіліп, әлеуметтік тұрақтылық нығайып, экономиканың өсуі мен өмір сүру сапасын арттыруға жағдай жасалуда.
Мемлекеттік қызметші болу тек жоғары кәсіпқойлыққа ие болу ғана емес, қоғам мен мемлекет алдындағы ерекше жауапкершілікті де білдіреді. Бұл адалдық, әділдік, ашықтық, халық мүддесіне қызмет ету қағидаларына негізделген өмір құндылығы. Жүргізіліп жатқан реформалардың пәрменділігі, халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімінің деңгейі, өңіріміздің табысты дамуы көп жағдайда сіздердің біліктіліктеріңізге, адалдықтарыңызға және баянды бастамаларыңызға байланысты.
Сіздердің білімдеріңіз, тәжірибелеріңіз, мықты азаматтық жауапкершіліктеріңіз Ақмола облысының одан әрі дамуына және Қазақстан Республикасының гүлденуіне ықпал ететініне сенімдімін.
Сіздерге осы мереке күні зор денсаулық, бақ-береке, жаңа кәсіби жетістіктер, сарқылмас күш-қуат, отбастарыңыз бен достарыңыздың қолдауын, Қазақстан халқына қызмет етуде толағай табыстар тілеймін!
***
Қадірлі мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді депутаттық корпус атынан кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің аса маңызды тетігі. Оның негізгі қағидаттары ашықтық, кәсібилік, әдептілік, нәтижелілік және Қазақстан азаматтарының қажеттіліктеріне бағдарлану болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әрі тиімді қызметі мемлекеттілікті нығайтудың және еліміздің барлық азаматтарының әл-ауқатын арттырудың маңызды факторы болуы тиіс екенін бірнеше рет атап өтті.
Бұл мереке сіздердің қоғамның, мемлекеттің және әрбір азаматтың игілігі жолындағы жауапты әрі маңызды еңбектеріңізге көрсетілген құрметтің белгісі. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, принципшілдіктеріңіз және іске адалдықтарыңыздың арқасында мемлекеттік бағдарламалар мен ауқымды реформалар жүзеге асырылып, билік институттарына деген сенім нығая түсуде.
Сіздердің әрқайсыңыз халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, тұрақтылықты нығайтуға және еліміздің одан әрі өркендеуіне қомақты үлес қосып келесіздер. Осы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болып, әріптестеріңіздің құрметіне және азаматтардың шынайы алғысына бөлене беріңіздер.
Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, алда тұрған міндеттерді жүзеге асыруда кәсіби жетістіктержәне Қазақстан халқына қызмет етуде қажымас қайрат тілеймін!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.
![]()

